МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2025-2026 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.
- Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
- Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды. Жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
- Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
- Мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді және киюге тыйым салынады:
- жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;
- түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері.