26 Нау 2021
Новости KZ Гимназия №2

«Физика пәнінен оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар- практикум

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 наурыз күні №7 Е. Халықов атындағы орта мектепте «Физика пәнінен оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар- практикум болып болып өтті.  Семинарда №20 мектептің физика пәні мұғалімі Садыкова Эльмира «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша практикалық жұмыс» тақырыбында, №21 мектептің физика пәні мұғалімі Айтқалиева Гүлжанат «Қиындығы жоғары есептерді шешу» тақырыбында өз тәжірибелерімен  бөлісті. Жас мамандарға қиындығы жоғары есептердің шығарылу жолын түсіндіріп, есептерді өздеріне шығартты.